Жаналыктар
27. 04. 2017
2017 жылдың 17 сәуірінде Шымкент  университетінде  « АДАЛ БОЛ !»  марафоны бастау алды.
27. 04. 2017

Шымкент университетінде 2017 жылдың 4-6 сәуір күндері аралығында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігi (БСҚА) тарапынан институционалды аккредитация жұмысы жүргізілді.

17. 03. 2017
 Қазақстан полициясына 25 жыл толуына орай 2017 жылдың 10 наурызы күні Қазақстан Республикасы ІІМ «Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында»  «Әкімшілік заңнаманың мемлекеттік басқарудағы рөлі» атты олимпиада болып өтті. Олимпиадаға Оңтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындары арасынан 15 команда қатысты.
17. 03. 2017
Шымкент университетінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын университет ұжымына түсіндіру мақсатында үстіміздегі жылдың 14 ақпаны күні іс-шара өткізілді.
10. 12. 2016
Бүгін 09 желтоқсан күні Шымкент университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына...
Шымкент университетi

Шымкент университеті

Шымкент Университеті Оңтүстік өңірінде 2001 жылы ашылған. Лицензиясы № 0137423 серия АБ (03.02.2010ж) мерзімі шектеусіз тұрақты лицензиясының негізінде студенттерге сапалы білім беріп, жоғары білікті маман даярлауға өзіндік үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны. Университетте Гуманитарлы-құқық факультеті, Педагогикалық факультеті, Экономикалық факультеті және «Жаратылыстану ғылымдарының іргелі және қолданбалы мәселелері», «Бауыржантану», «Аймақтың экономикалық мәселелері» ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді. Университетте елімізге танымал ғылым докторлары, профессорлар мен  ғылым кандидаттары, доценттер, магистрлер, аға оқытушылар жұмыс істейді. Университетте оқытудың күндізгі, кешкі және сырттай оқу түрлері бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 24 мамандық бойынша бакалаврлар даярласа, 6 мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағытында магистрлер даярлайды. Күндізгі бөлімде оқу мерзімі 4 жыл (бакалавр). Кешкі бөлімде оқу мерзімі 5 жыл.  Жалпы білім беретін орта мектепті бітіріп, ҰБТ-ны және кешенді тест тапсырып межелі ұпай жинаған талапкерлер қабылданады. Қысқартылған оқу бағдарламасы (колледжден кейін білім беру) күндізгі және сырттай оқу үшін оқу мерзімі 3 жыл. Колледж бітірген талапкерлер міндетті түрде кешенді тесттен өтіп межелі ұпай жинағандар ғана оқуға қабылданады. Жеделдетілген оқу бағдарламасы (жоғары білімі барлар үшін) тек сырттай оқыту нысанына қабылданады. Оқу мерзімі 2 жыл.

Университетте студенттердің заман талабына сай сапалы білім алуына қажетті жағдайлар жасалған. Университетте арнайы компьютер класстары, лингафон кабинеттері, химия, биология, физика және басқа да арнайы пәндерден зертханалар жұмыс істейді. Университет ғимаратында орналасқан асхана, кітапхана, және медициналық пункт студенттерге қызмет көрсетеді. Салтанатты мерекелерді, тәрбиелік, спортық іс-шараларды өткізетін акт залы, спорт залы талапқа сай салынған. Интерактивті тақтамен жабдықталған арнайы кабинеттер бар. Студенттер қолайлы әрі заманауи жатақханамен қамтамасыз етіліп келеді.

Университеттің білім, ғылым саласын дамыту мақсатында алыс-жақын шет елдер мен еліміздегі ұлттық, мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық және әріптестік жөнінде келісім шарттар түзілген.  Атап айтқанда Туркия Республикасы, Америка құрама штаттары, Калифорния, Ирвайн қаласындағы «Экспедиджи Инк. ғылыми-консультациялық компаниясымен», Германия, Юлих қаласындағы «Аахен университетімен», Измир қаласындағы «Гедиз» университетімен, Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласындағы «И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен», Ресей Федерациясы, Сочи қаласындағы «Сочи сән, бизнес және құқық институтымен», Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласындағы «Т.Н.Кары-Ниязи атындағы педагогикалық ғылымдар бойынша Өзбек ғылыми-зерттеу институтымен», Тәжікстан Республикасы, Худжанд қаласындағы «Академик Б. Гафуров атындағы Худжанд мемлекеттік университетімен», «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен», «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен»,  «Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетімен», «Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетімен».

Келісім-шарт негізінде АҚШ, Калифорния, Ирвайн қаласындағы «Экспедиджи Инк. ғылыми-консультациялық компаниясының» атқарушы директоры Евгений Мечетнер университетімізге келіп ғылыми семинар өткізді. Сонымен қатар Германия, Юлих қаласындағы «Аахен университетінің» профессоры Дигель Илья келіп, лекция оқып, тәжірибелерімен бөлісті. Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласындағы «И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен» келісім-шарт негізінде  2012 жылы Шымкент университетінің профессор-оқытушылар құрамы И.Арабаев университетіне арнайы шақырумен барып ынтымақтастық шеңберінде ғылыми жұмыстар бойынша мәселелер талқылады. Университетте даярланатын мамандықтар бойынша магистранттар тағылымдамадан өтті. 2014 жылы бірлескен түрде «Қазақстан 2050 стратегиясы аясында білім, ғылым және инновация дамуының басым бағыттары» атты жас ғалымдар мен студенттерге арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Университетте жастардың шығармашылық қабілетін арттыруға, дамытуға бағытталған «Жастар ұйымы», «Жас Отан Жастар қанаты», «Студенттік өзін-өзі басқару клубы» мен «Әділет» пікір-сайыс клубы, «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы және спорттық, мәдени іс-шаралар үйірмелері жұмыс істейді.

 

Сексшоп