Кафедра Филологии
Nov 2, 2016

«Тұсау кесер» кеші!


2016 жылдың 20 қазан күні «Чердак» ойын-сауық клубында Шымкент университетінің 1 курс студенттеріне арналған салтанатты «Тұсау кесер» кеші өткізілді.

1 курс студенттеріне арналған салтанатты «Тұсау кесер» кеші!

 2016 жылдың 20 қазан күні «Чердак» ойын-сауық клубында Шымкент университетінің 1 курс студенттеріне арналған салтанатты «Тұсау кесер» кеші өткізілді.

Алғашқы құттықтау  сөзін университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры,  педагогика ғылымдарының кандидаты Қозбағарова Бибігүл Сабырбекқызы алып, студенттерді айтулы мерекесімен құттықтап, жаңадан келіп отырған студенттерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар Ғылым және халықаралық байланыс проректоры, филология ғылымдарының кандидаты  Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы, Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Айтжанов Төлеген мырзалар студенттерге деген ізгі тілектерін арнады.

Іс-шара барысында Гуманитарлы-құқық факультеті деканының орынбасары Айтенова Динара Оразбайқызы, Педагогика факультетінің деканы Мамбетов Бекзат Махмудұлы  студент жастарымызға ақ тілектерін жолдап, студенттік билет пен сынақ кітапшаларын  арнайы табыстады.

Мерекелік кеш барысында өнерлі студенттеріміз ән айтып, би билеп және университетімізде құрылған жайдарманшыларымыздың үздік әзілдерін тамашалады.

1 курс студенттеріне арналған салтанатты «Тұсау кесер» мерекесі студенттердің би кешіне жалғасты. Кеш өте қызықты өтті.