Специальности магистратуры
Dec 8, 2016

“Сұңғыла ойлы, сырлы ақын”


2016 жылдың 29 қарашасы күні Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы...

2016 жылдың 29 қарашасы күні Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында «Филология» кафедрасы “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен ақиық ақынымыз М.Мақатаев шығармашылығы негізінде “Сұңғыла ойлы, сырлы ақын” атты әдеби-сазды кеші болып өтті.

Кеште студенттердің қатысуымен М.Мақатаевтың поэзиясынан үзінділер оқып, сахналық көріністер көрсетілді.

Қай ақынның кеші болмасын оған көбіне-көп замандастары, іні-қарындастары немесе шәкірттері арнау өлең оқып жатады. Біздің университетімізде де қолына қалам алып, шығармашылықпен айналысатын студенттеріміз жетерлік. Жас ақындарымыз сахна төріне шығып, өлеңдерін оқыды.

Жаныңызға тыныштық іздесеңіз, рухани әлеміңіз артсын десеңіз поэзия оқыныз!