Жатақхана
Dec 10, 2016

Шымкент университетінде


Бүгін 09 желтоқсан күні Шымкент университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына...

Бүгін 09 желтоқсан күні Шымкент университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан: дамуы, мәселелері, жетістіктері» атты ғылыми семинар болып өтті. Ғылыми семинар Университет ректоры Шыңғысбаев Бақытжан Мәлікұлының құттықтау сөзімен ашылды. Ғылыми семинарда елімізге танымал белгілі ғалымдарымыз төмендегідей тақырыптарда маңызды баяндамалар жасады:

Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы –  ф.ғ.к., доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның «Саясаттану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі.

Тақырыбы: Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан.

Анарбеков Қайрат Сапарханұлы – т.ғ.к., доцент, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты.

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы - Еуразия аумағындағы өңірлік көшбасшы.

 

Юлдашева Фарида Юлдашқызы – т.ғ.к., аға оқытушы. Шымкент университеті, Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география кафедрасы.

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы.

 

Жанысбеков Әшім Жанысбекұлы – т.ғ.к., доцент. Шымкент университеті, Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география кафедрасы.

Тақырыбы: Қазақстан Парламентінің заңдық жүйені қалыптастырудағы орны, парламентаризм деңгейі.

 

Сахов Сапарбек Мұсаханұлы –  т.ғ.к., доцент, Қоғам қайраткері. Жаңа технологиялар колледжі директорының кеңесшісі.

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстандағы саяси плюрализм, көп партиялық жүйенің қалыптасуы.

 

Мыңбаев Нұрлан – ф.ғ.д., профессор, Түркітану және Абайтану ғылыми зерттеу орталығы директорының орынбасары.

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретінде дамуы, ұлттық болмысы.

 

Бекбосынов Ермек Төленұлы – PhD докторы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті деканының ғылыми істер жөніндегі орынбасары.

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы діни ахуал және діни қатынастар деңігейі.

 

Ғылыми семинарды «Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тапалов Дүйсенбек Жәнібекұлы жүргізіп отырды. Семинарға университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Ғылыми семинар соңында баяндамашылар мен қатысушыларға сертификаттар табысталды.