Академиялық ұтқырлық - оқыту немесе зерттеу жүргізу үшін студенттерді немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі академиялық мерзімге: басқа жоғары оқу орнына (мемлекет ішінде немесе шетелге) өзінің жоғары оқу орнындағы кредиттер түрінде меңгерілген оқу бағдарламаларын міндетті түрде қайта сынақтан өткізу арқылы немесе басқа жоғары оқу орнында оқуын жалғастыру үшін семестрге немесе оқу жылына ауыстыру.

  • Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық - университет білім алушыларының шетелдік ЖОО-да оқуы, сондай-ақ оқытушылар мен қызметкерлердің шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерде жұмыс істеуі.
  • Ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық – қазақстандық ЖОО-да және ғылыми орталықтарда университет білім алушыларының оқуы, оқытушылары мен қызметкерлерінің жұмыс істеуі.

Шымкент университеті төмендегі шетелдік және Қазақстандық ЖОО мен ынтымақтастық келісім шарттарын  құрып, соның негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асырып отыр.

1.Қырғыз-Қазақ университеті (Қырғыстан)

2.Витаутас Магнус Литовского государства (Литова г.Каунас)

3.Алматы университеті (Алматы қаласы)

4.С.Баишева атындағы Ақтөбе университеті (Ақтөбе қаласы)

5.Мардан Сапарбаев институты (Шымкент)

6.Мирас университеті (Шымкент)

7.Академик А.Кутабеков атындағы Халықтар достығы университеті(Шымкент)

8.Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті (Шымкент)

9.Сырдария университеті (Жетісай қаласы)

  1. Әлеуметтік және гуманитарлық білім институты (г.Москва)

 

2017 жылдан бүгінгі таңға дейін ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қазақстандық ЖОО-дарына  284 білім алушы, ал сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 150 білім алушы қатысқан.