Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға  ниет білдірген білім алушылар академиялық кезең басталғанға дейін 15 күннен (ішкі академиялық ұтқырлық бойынша) және 1 айдан (сыртқы академиялық ұтқырлық) кешіктірмей Студенттерге қызмет көрсету орталығына өтініш береді. Білім алушының өтінішінде жіберетін ЖОО-ның атауы және толық мекен-жайы, ЖОО мен факультеттің академиялық ұтқырлық бағдарламасының  үйлестірушісінің аты-жөні, сондай-ақ студенттің жеке мәліметі (аты-жөні, туған жылы, айы, күні, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс мәліметтері) көрсетіледі.