ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

Құрметті жас ғалымдар!

 

Сіздерді Шығыстың ұлы ойшылы Әбу–Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Әл-Фараби, Абай және Әлемдік өркениет" атты Халықаралық қашықтықтан өтетін ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияның негізгі бағыттары:

1) 1-секция: Жаратылыстану ғылымдарын дамытудағы жас ғылымдар мен      студенттердің ғылыми зерттеулері (Жаратылыстану бағыты);

2) 2-секция: Педагогика және білім берудің өзекті мәселелері (Педагогика және психология бағыты);

3) 3-секция: Әл-Фараби мен Абай көзқарастарындағы ғылыми - педагогикалық сабақтастықтар (Гуманитарлық ғылымдар бағыты);

4) 4-секция: Ұлылар үндестігі және әлемдік руханият (Филология бағыты);

5) 5-секция: Құқық және экономиканың өзекті мәселелері (Бизнес және басқару, құқық бағыты).

 

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.

 

Баяндамаларды жазуға қойылатын талаптар:

Ғылыми мақала көлемі 5 беттен аспауы керек, шрифт Times New Roman, кегль-12, интервал – 1. Қазақ тілінде жазылған мақалаға аннотация орыс және ағылшын тілдерінде, орыс тілінде жазылған мақалаға қазақ және ағылшын тілдерінде, ағылшын тілінде жазылған мақалаға қазақ және орыс тілінде жарияланады.

 

Қатысу шарттары:

Конференцияға жас ғалымдар, магистранттар, студенттер шақырылады.

Конференция қашықтық форматта өтеді. Конференция материалдары ғылыми мақалалар жинағы түрінде, сондай-ақ электронды түрде сайтта жарияланады. http://univershu.kz/.

 

Баяндамаларды электронды түрде 2020 жылдың  23 сәуірге дейін е-maiI: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  электрондық мекен-жайына келесі материалдарды ұсынады:

  1. Талаптарға сәйкес ресімделген мақала мәтіні;
  2. Берілген үлгі бойынша қатысуға өтінім (үлгі беріледі);
  3. Жинаққа қосу үшін төлем туралы түбіртектің көшірмесі немесе скан-көшірмесі (немесе анық сандық фотосурет).
  4. Тіркеу жарнасы оқытушылар мен магистранттар үшін – 1500 тенге, студенттер үшін -1000 теңге.

Конференция материалдарының жинағы (журнал) электронды түрде беріледі.

Реквизит:

Kaspi Gold

Орман Ұлданай

ИИН: 951101401083

Телефон: +77059732319

                 87781346459

 

Мақаланы толтыру үлгісі:

ӘОЖ (11пт.)

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ

ТҮРЛЕРІ (12 пт.)

 

А.Асылбекова. - ППт 18-2 топ студенті (12 пт.)

Ғылыми жетекші: б.ғ.к., доцент Ниязов Ш. (12 пт.)

Шымкент университеті (12 пт.)

 

Мәтін (12 пт.)

Әдебиет (12 пт.)

 

Түйін (11пт.)

Summary (11 пт.)

 

Конференция 23.04.2020 ж. - 24.04.2020ж. өтеді.

 

Жауапты орындаушы:  Орман Ұлданай (87781346459, 87059732319).

Е-maiI:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Халықаралық  қашықтықтан өтетін ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім

1. Баяндамашы (лар) аты-жөні ________________________________

2. Жұмыс орны, лауазымы __________________________________

3. Телефон, (ұялы.) факс, е-maiI _____________________________

4. Секцияның нөмірі және атауы _______________________________

5. Баяндаманың атауы ________________