ОПҚ-нің ғылыми басылымдары
Шымкент университетінің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми басылымдары

 

            Шымкент университетінің базасында ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері ОПҚ-ның басылымдарында көрсетілген.

         Университеттің ғылым саласындағы қызметі 2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспар бойынша  дамудың ұзақ мерзімді бағыттарына, миссиясы мен одан туындайтын мақсат-міндеттеріне сәйкес жүргізілуде.

          Ғылыми-зерттеу жұмысы Қазақстан мен аймақтың экономикалық, экологиялық, техникалық, технологиялық, әлеуметтік, білім беру, құқықтық және басқа да өзекті мәселелерін шешуді қамтитын тақырыптары бойынша жұмыс жасайды.

            Бүгінгі таңда Шымкент университетінің профессор-оқытушылар құрамының 40-тан астам монографиялар, 80 оқу-әдістемелік құралдар, 25 оқу құралы, 2000 ғылыми басылымдар, олардың ішінде нөлдік импакт-факторы бар журналдарда 10-нан астам мақалалалары, РИНЦ базасында тіркелген журналдарында 80-нен астам мақалалары жарияланды.