Ғылым және халықаралық қатынастар департаменті
Шымкент университетінің ғылым бөлімі профессор-оқытушылар құрамның ғылыми-зерттеу жұмысымен және халықаралық серіктестікті дамытудағы мәселелерді шешу үшін құрылған.
Миссиясы: кадрлық потенциалды жоғарылату - отандық және халықаралық ғылым саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар дайындау.
Мақсаты: классикалық университетті жоғары дәрежелі ғылыми-зерттеу университетіне айналдыру.
Ғылым және халықаралық қатынастар департаментінің
негізгі бағыттары:
1) Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің сапасын арттыру және жетілдіру;2) Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
3) Бизнес-инкубаторды құру арқылы қаржылық-экономикалық қызметтің тиімділігін арттыру;
4) Университет ішілік, республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларды, симпозиумдарды және семинарларды ұйымдастыру;
5) Ғылыми-зерттеу жұмыстары (бұдан әрі - ҒЖЗ) бойынша ағымдық және ұзақ мерзімді жоспарларды құру;
6) ҒЗЖ жоспарларын орындау туралы есептік құжатарды әзірлеу;
7) Университеттің ҒЗЖ қорытынды көрсеткіштеріне талдау жүргізу;
8) ҒЗЖ жоспарларын орындау бойынша университеттің бөлімдік қызметтерін бақылау және талдау;
9) Университеттің профессор-оқытушылар құрамының (бұдан әрі- ОПҚ) ғылыми қызметтерін белсендіруге бағытталған, оның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және басқа да университтің қоғамдық сипаттағы ғылыми шараларын жоспарлау мен ұйымдастыру;
10) Университтің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, жетекші салалық ғылыми-зерттеу мекемелері және ұйымдармен ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты орнату мен қарым-қатынасын нығайту;
11) Университет өкілдерінің ғылыми іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;
12) Ғылыми, ғылыми-өндірістік қызмет саласындағы шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен ғылыми ынтымақтастықты кеңейту;
13) Университеттің білім алушыларын ғылыми-зерттеу жұмыстары қызметімен ақпараттық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
14) Университеттің жастар ғылыми өзін-өзі басқару құрылымдарының (Жас ғалымдар кеңесі, Студенттер үйірмесі) қызметтеріне ақпараттық және ұйымдастыршылық қолдау көрсету;
15) Университеттің ПОҚ, білім алушыларын ҒЗЖ орындау бойынша мемлекеттік сыйақылар, басқа да сыйақы мен марапаттар конкурстарына қатысуын ақпараттық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
16) Университет ғалымдарының халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланым белсенділіктерін арттыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
17) Университет ғалымдарының дәйексөздері мен халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған мақалалары туралы ақпарат жинау;
18) Бақылаушы органдар мен ұйымдардың тапсырмасы негізінде Бөлім қызметі туралы статистикалық мәліметтер мен есептік құжаттар дайындау;
19) Университеттің құрылымдық бөлімшелерін ҒЖЗ ұйымдастыру бойынша құжаттар, басшылықтың бұйрықтары, конференциялар, семинарлар, конкурстар туралы ақпараттандыру;
20) Университеттің ғылыми-зерттеу қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу;