ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ

Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) - бұл жас ғалымдар мен мамандардың мүдделерін қорғайтын, саясатты қалыптастыратын және жүргізетін, факультет, Университет институтының өкілетті өкілдерінің жастар жиналысын ұсынатын қазіргі алқалы кеңес органы.

ЖҒК құрамы Университеттің жас ғалымдарынан, 35 жасқа дейінгі, доктор, ғылым кандидаты, магистр дәрежесі бар, маңызды ғылыми жетістіктерге қол жеткізген, ғылым саласындағы сыйлықтардың лауреаттарынан, мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегерлерінен, сондай-ақ ғылыми зерттеулермен айналысатын докторанттардан құралады.

Құрамына ЖҒК төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы және мүшелер кіреді. Төраға болмаған жағдайда, оның міндетін орынбасары атқарады.


            ЖҒК жоспары бойынша жүзеге асырылып, оның шеңберінде келесі іс-шаралар орындалады:

• ғылыми-техникалық шығармашылық және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жүзеге асыруға көмектесетін талантты жастардың бастамаларын қолдау;• университеттің жас ғалымдар қауымдастығы, ғылыми –зерттеу процесінде олардың қызығушылығын танытып, қызметін қолдау;• жас ғалымдар қауымдастығы арасында шығармашылық байланыс орнату;• материалдарды, семинарларды, конференцияларды және симпозиумдарды жариялау арқылы тәжірибе мен ақпарат алмасу;• жас ғалымдардың үздік тәжірибелерін және ғылыми-техникалық жетістіктерін қалпына келтіру және тарату;
  • жас ғалымдардың ғылыми қызметінің ұйымдастырылуы мен қаржылық қолдау көрсетілуіне және олардың Қазақстан мен шетелдерде өткізілетін түрлі ғылыми-зерттеу жобаларына, бағдарламаларға, ғылыми тағылымдарға, конкурстарға, ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуына ықпал ету;
  • жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне қолдау көрсететін (грант бөлетін) ғалами жобалар, бағадарламалар мен қорлар туралы, елімізбен шетелдегі ғылыми және білім беру орталықтары, сондай-ақ Қазақстан мен алыс және жақын шетелдерде өткізілетін бейінді іс-шаралар (конференциялар, семинарлар) туралы ақпарат беру;
  • уздік ғылыми-тиехникалық өнім конкурсын, ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізуге ықпал ету, жас ғалымдарға ғылыми мақалалары мен баяндамаларын жариялауға көмек көрсету;
 Жас ғалымдар кеңесі құрамына 42 жас ғалым, оның ішінде 18 магистрлер кіреді.