Гуманитарлы-педагогикалық факультеті

 

 

Туылған күні: 23.07.1975
Туылған жері: ОҚО, Сайрам ауданы
Азаматтық: Қазақстан Республикасының азаматы
Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрған, 3 баланың анасы
 
Білімі:
Жоғарғы: Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Оқу мерзімі: 1993-1997
Бағдарлама: Қазақ тілі және әдебиеті
 
Ғылыми және академиялық дәреже:
Педагогика ғылымдарының кандидаты

Мамандық тәжірибесі:

1997-2004 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы.

2004-2012 жылдар аралығында Халықаралық қазақ-түрік университеті сырттай оқу бөлімінің аға методисті.

2012-2016 жылдары  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті магистратуралық бөлімінде методист.

2016-2017 жылдары Түркістан қаласындағы Тұран колледжінің директоры.

2017 жылдан бастап Шымкент университетінің гуманитар-педогогикалық факультетінің деканы қызметінде жұмыс атқарады.

Факультет тарихы

 Гуманитарлы-педагоргикалық факультетінің тарихы 2001 жылдан басталады. Факультеттің құрылымдық бөлімдер туралы ережесінде мәртебе, тағайындау, құрылым, бөлімдерінің негізгі қызметі мен өкілеттігі, жауапкершілік пен құқықтары, басқа бөлімдермен өзара әрекеті белгіленген.

Факультет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларына сәйкес лауазымға тағайындалған қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары, лауазымдық қызметтері, құқықтарымен жауапкершілігі анықталған.

ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2010 жылдың 03 ақпанда берілген АБ сериалы №0137423 мемлекеттік лицензиясының қосымшасына сәйкес, «Гуманитарлы-құқық» факультеті 3 бағытта бакалавриаттық 9 мамандық және магистратураның 1 мамандығы бойынша дайындауды жүзеге асырады.

 

Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің дайындайтын бакалавриат мамандықтарының тізімі

Бакалавриат мамандықтары