ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІНІҢ АШЫЛУЫ

2019-2020 оқу жылында Шымкент университетінің «Қаржы және құқықтану» кафедрасының базасында Шымкент қ. Қаратау аудандық сотының және «Қазақстан Кәсіби медиаторлар мен құқықтық кеңесшілердің қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің бастамасымен Медиация кабинеті ашылды.

Оның мақсаты – кейбір күрделілігі жағынан жеңіл саналатын дауларды соттың карауына жеткізбестен, сотқа дейін тараптармен бірге талқылап, оларды өзара келісімге келтіріп дауды тиянақты шешу болып табылады. Осы мақсатта биыл «Шымкент Университеті» орналасқан аймақта медиаторлар жоқ болғандықтан, осы аймақтың тұрғындары мен университет ұжымы үшін медиация офисы ашылып отыр. Бұл Шымкент қаласындағы оқу орындарының арасындағы бірінші ұйымдастырылған медиаторлар кабинеті болып отыр.
Шымкент университетінің ректоры, профессор Сейткулов Н.А. Қаратау аудандық сотының төрағасы Рахманберді Е.Е., «Қазақстан Кәсіби медиаторлар мен құқықтық кеңесшілердің қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің президенті Кенжеқұлова Д.А., Шымкент қаласының «Құрметті азаматы», Түркістан облысы ардагер судьялар кеңесінің төрғасы, бірінші дәрежелі  судья, «ҚР Құрметті заңгері», Шымкент университетінің ұлағатты ұстазы - Темір Өмірбек Темірұлы кабинетті салтанатты түрде ашылуы рәсімінде.