«Денешынықтыру және спорт» кафедрасы

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 2005 жылы 10 ақпанда ашылды. Кафедра меңгерушісі болып доцент  Ж.Ө. Қонарбаев тағайындалды. Кафедра 2005 жылға дейін «Педагогика және психология» кафедрасының құрамында жұмыс жасады.  Алғашқы ашылған жылдары кафедрада 10 оқытушы-профессор құрамы қызмет етті. Қазіргі таңда  кафедрада 20 оқытушы-профессор құрамы қызмет етеді, оның 1 профессор, 3 ғылым кандидаттары, 2 доцент, ҚР Құрметті спорт қайраткері, 4 ҚР еңбексіңірген жаттықтырушысы және  магистрлер. Кафедрада 1 мамандық бойынша жоғары кәсіптік бакалавр мамандарын  дайындайды. Біздің мамандықты бітірген түлектер мектептерде, колледждерде оқытушы және спорт мекттептерінде жаттықтырушы болып жұмыс атқара алады.

   Кафедрада бүгінгі таңда 351 студент оқиды, оның  студенті 155 күндізгі оқыту нысанында, 196 сырттай оқыту нысанында.
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығынның студенттері Халықаралық, Республикалық жарыстарда және жоғарғы оқу орындары арасында өтетін облыстық және республикалық универсиада да жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Мамандықта оқитын студенттер қатарында 4 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 17 спорт шебері, бірнеше спорт шеберіне үміткерлер тәрбиеленуде.
   Кафедрада барлық типтік үлгіде салынған, 121д «Анатомия морфология» , 133 «Әдістемелік», «Күрес залы», «Теннис залы», «Гимнастика залы», «Тренажер залы», жабық «Спорт кешені» және ашық спорт алаңдары  мамандық бойынша оқу зертханалары ашылып, соңғы оқу-техникалық құралдармен жабдықталған.
      «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттерге мыныдай жеңілдіктер  қарастырылған: . Егер студент Халықаралық, Республикалық жарыстарда жүлделі орын алса Шымкент университетінің ректоры 50%, 100% жеңілдіктер  қарастырылған. Сонымен қатар республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарға  студенттердің қатынасуы үшін университеттің арнайы қорынан қаражат бөлінеді.

 

Дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессор оқытушылары

Анарбаев Асет Исломовичтың жеңіспен оралу сәті

Дене шынықтыру және спорт мамандығының белсенді студенттері

Ұздардан күніне марапатталынған оқытушы профессорлер
Университеттің профессор-оқытушылары

Кафедра меңгерушілерімен

Университет спортсмендерімен кездесу

Халықаралық жарыстан жеңіспен оралған студенттер

Қонарбаев Жүсіпбек Өзбекович

Кафедра меңгерушісі – Қонарбаев Жүсіпбек Өзбекұлы, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері, доцент, университет профессоры, кафедра меңгерушісі.

Мекен-жайы: Түркістан облысы, Шымкент қаласы  Самал-2 Анар әже №4

Тел: 8(778)-871-06-66


Е-mail: konarbaev1966@mail.ru

Өмірбаян

 

Қонарбаев Жүсіпбек Өзбекұлы 1966 жылы 3 сәуірде ОҚО Алғабас ауданы, Сарқырама елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі-Қонарбаев Өзбек аталған елді мекенде 40 жылға жуық еңбек еткен. Анасы Қойгельдиева Әсем 6 қыз, 5 ұл дүниеге әкеліп, тәрбиеленгені үшін Кеңес одағының және Қазақстан Республикасының «Алтын ана» жұлдызымен марапатталған.

Жүсіпбек Өзбекұлы 1973жылы «Сарқырама» орта мектебінің 1-ші сыныбына барып, 1981 жылы аталған мектепті бітіріп орта білім күәлігімен, Шымкент қаласындағы физкультура техникумында оқуын жалғастырды. Физкультура техникумға оқып жүріп қалалық, облыстық, республикалық еркін күрес, Самбо спорт түрлерінен жарыстарда қатысып жүлделі орындарда көрініп , спорт шеберіне үміткер атағына ие болды.

1984 жылы аталған оқу орнын дене тәрбиесі мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, 1984-1986 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеді.

1986 жылы Жамбыл облысы Жантас қаласындағы спорт мектебінде жаттықтырушы қызметінде еңбек жолын бастады.

1987-1989 жылдарда Жантас қаласындағы №60 орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалім қызметін атқарды.

1989 жылы М.Әуезов атындағы педагогикалық институтына сырттай оқуға түсіп, оқу барысында шығыс жекпе – жек спорт түрінен спорт шебері атағына ие болды. Аталған жоғарғы оқу орнын 1993 жылы дене тәрбиесі бойынша бітіріп, шықты.

1989-1994 жылдар туған елді мекенде, «Сарқырама» орта мектебінде бастауыш пәнінің мұғалімі биология және дене шынықтыру пәндерінің оқытушысы қызметін атқарды. Шымкент қаласындағы №1 кәсіптік училищесінде дене шынықтыру пәнінің жетекшісі қызметін 1994-1999 жылдары.

Шымкент қаласындағы Ә.Қастаеев атындағы көркем сүрет коледжінде дене шынықтыру пәнінің жетекшісі қызметін 1999-2002 жылдары жұмыс істеді.

2002 жылдан бастап қәзіргі уақытта Шымкент университетінде «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Жұмыс барысында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде, озық тәжірибені және жаңа техналогияларды пайдалану оқу үрдісін ұйымдастыру туралы облыстық, қалалық деңгейде істеген қызметі үшін мадақтау қағаздарымен марапатталған.

Марапаттаулары

1. 2007 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінен құрмет грамотасымен марапатталды.
2. 2008 жылы Қазақстан республикасының құрметті спорт қайраткері медалімен марапатталынды.
3. 2009 жылы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен педагогика доцент атағы берілді.
4. Оңтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы жастарды тәрбиелеудегі көп жылдық еселі еңбегі үшін, дене тәрбиесі мен спортты дамытудағы еңбегі үшін төс белгісімен марапатталған.
5. «Нұротан» алғыс хатымен марапатталды.
6. Шымкент қаласының әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

ҚР

М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институты, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы

33жыл

70-тен астам ғылыми мақалалар мен оқу әдістемелік еңбектердің және 2 монография және 5 оқу құралының авторы.

 

Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» төс белгісі

 «Білім саласындағы ерекше еңбегі үшін» төсбелгісі», Оңтүстік Қазастан облысы «Quermet-AB» қоғамдық қорының «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» төсбелгісі

 «Білім беру саласының үздігі» медалі

 

отбасылы

Konarbaev 1966@ mail.ru

15.09.1993 ж

 

 дене тәрбиесі пәнінің оқытушы

1986-1989жж

Жамбыл облысы

Спорт мектебінде жаттықтырушы және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

1989-2002жж

Шымкент қаласы

Ә.Қастеев атындағы көркем сурет колледжінде дене шынықтыру пәнінің жетекшісі

2002-2019жж

Шымкент қаласы

Шымкент Университеті дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі