Экономика факультеті

  

 

Экономика факультетінің деканы

экономика ғылымдарының докторы, профессор

Қуашбай Саттар

 

Өмірбаяны

Қуашбай Саттар 24.05.1955 жылы туылған, ұлты - қазақ, білімі – жоғары.  С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін 1981 жылы «Экономикалық география» мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын  Жезқазған педагогикалық институтында  оқытушы, аға оқытушыдан бастаған. 1985-1989жж. Алматы халықшаруашылығы институтының  Шымкент  филиалында аға оқытушы, 1989-1990жж. «Қазақ экологиялық орталығында»  аға ғылыми  қызметкер, 1990-1991жж. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында  аға оқытушы, проректор, 1996-1999жж. «Ұлағат» университетінің Шымкент филиалының  директоры, 1999-2007жж. Алматы экономикалық  университетінің Шымкент филиалының директоры, 07.2007 Шымкент университетінің Экономика институтының  директоры,  2009 ж. Шымкент университетінің Вице-президенті қызметтерін атқарған.

Қазіргі кезде «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының V-VI шақырылымдарының депутаты. 

Мемлекеттік наградалары - Оңтүстік Қазақстан облысы Білім департаментінің  грамотасы (1995ж.), Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің грамотасы (1996 ж.),  «ҚР білім беру ісінің үздігі» төс белгісі ( 1997 ж.), Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің грамотасы  (1997 ж., 2005ж.), Оңтүстік Қазақстан облысы Мәслихатының  грамотасы (1997ж., 2013ж.),  «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалі ( 2005 ж.),   «Құрмет» ордені ( 2006ж.),  Төлеби аудандық Маслихат грамотасы ( 2006 ж.), «Төлеби ауданының құрметті азаматы» ( 2007ж.), Қазақстан Республикасы президентінің алғыс хаты (2012ж., 2015ж. ,2016ж.), «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісі (2012ж.), «Нұр Отан» партиясының медалі (2013ж.), «Д.Қонаевтың 100 жылдығы» медалі (2013ж), «Меценат» төс белгісі (2013ж.), «Алтын жүрек» номинанты (2013ж.), «Семей полигонының жабылғанына 20 жыл» медалі (2013ж.), «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалі (2013ж.), «Батыр шапағаты» медалі (2014ж.), «Маслихатқа 20 жыл» мерекелік медалі (2015ж.), «Үздік оқу орны» төсбелгісі (2016 ж.), «Қазақстан экономикасына қосқан үлесі» төсбелгісі (2016ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медаль (2016ж.).  


 

Экономика факультеті білім беру саласында сапа және икемділік принциптеріне қатаң көңіл аударады. Еңбек нарығының сұранысына сәйкес факультет экономика, бухгалтерлік есеп, аудит, қаржы салалары үшін 2 мамандық бакалавр және магистр біліктіліктері бойынша бәсекеге қабілетті жас мамандарды дайындайды:

5В050600-Экономика

5В050800-Есеп және аудит 

6М050600-Экономика

6М050800-Есеп және аудит

5В050600 - «Экономика» (мамандануы: «Өнеркәсіп экономикасы», «Ауыл шаруашылық экономикасы», «Құрылыс экономикасы», «Еңбек экономикасы»). Бітірушіге «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Экономика және бизнес бакалавры экономист, маман және талдаушы қызметін атқара алады.  Экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған тұлғалар басқару жүйесінің орта буынының басшысы ретінде мамандандырылған жұмысты атқару үшін барлық теориялық білімді  және тәжірибелік дағдыларды меңгереді  және болашақта әр түрлі басшылық қызметтерде жұмыс істейді. Осы бағыттағы бакалавр басқару технологиясын өңдеу, енгізу және пайдалану, сондай-ақ талдау және бақылау сфераларында мамандандырылған жұмыс үшін қажетті барлық дағдыларға ие болады.

050508 «Есеп және аудит» (мамандануы: «Нарық инфрақұрылымы салаларындағы есеп және аудит»; «Экономиканың нақты секторындағы есеп және аудит»; «Статистика»)

Осы бағыттың маманы экономика және өндірісті басқару сферасында қызмет атқарады, бухгалтерлік есеп, аудит және экономикалық талдау, стратегиялық және тактикалық басқарудың негіздерін біледі, бизнес-жоспарларды дайындауды, шаруашылық субъектінің қаржылық және бухгалтерлік есептілігін талдауды үйренеді.

 

 

Факультетте Сіздің кәсіптік қызметіңізге қажетті болатын маңызды пәндерді оқытады.  Міндетті курстармен қатар таңдау бойынша курстарды да тыңдауға болады.

  

Экономика факультетінде компьютерлік зертханалар, лингафондық кабинеттер, заманауи мерзімді басылымдар және аудио-бейне материалдар, оқулықтармен жабдықталған кітапхана, интернет-класс, әдебиеттерге мол оқу залы бар.

 

 

 

 

 

Экономика факультеті жақын және алыс шет елдегі ЖОО халықаралық байланысын, сонымен қатар арнайы курстарды оқыту мақсатында өндіріс орындарынан тәжірибелі мамандармен байланыстарын үнемі кеңейтіп отырады.

 

  

Білім мен ғылым саласындағы халықаралық байланысты кеңейту мақсатында жақын және алыс шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарымен: Измир қаласындағы «GEDIZ» университеті (Түркия), «Мәскеу халықаралық бизнес жоғары мектебі (МИРБИС)», «Мәскеу болат және қорытпалар институты (МИСиС)», «Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университеті (МФПУ)»,

 

«Ф.М.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті (ОМГУ)», «М.Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті (КЭУ)» және т.б. ЖОО-мен байланысын нығайтуда.

Профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, студенттер еліміздің және ТМД мемлекеттерінің жоғары оқу орындарында өз біліктіліктерін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша арттыруда. Университетімізде Қазақстанның индустриалды және іскерлік сфераларының көш басшыларын, жоғары кәсіби, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайды.

Біздің факультетіміздің түлектері еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Жыл сайын бітірушілердің 80%-дан астамы облысымыздың жетекші ұйымдарында, мемлекеттік мекемелерінде, кіші және орта бизнес кәсіпорындарында және т.с.с жұмыс істейді. Факультетіміздің бітіруші магистрлерінің 90 %-ға жуығы облысымыздағы басқармаларда, атап айтқанда мемлекеттік кірістер департаментінде, экономика және бюджетті жоспарлау, денсаулық сақтау т.б. департаменттерінде жетекші қызметтерді атқарады.