23 қыркүйек 2019ж

Бүгін Шымкент университетінің оқу ғимаратында «Қайырымдылық жасасаң, Қайырымын өзің көресің» тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті. Бұл іс-шараға университеттің  профессор – оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, студенттер үлкен құлшыныспен қабыл алды. Осы акциядан жиналған қаражат Мардан Кеңес деген бүлдіршіннің емделуіне жұмсалды.

1-Қазан 2019

1 Қазанды біз жылы және жүрекжарды мереке ретінде атап өтіп,  қарттарға деген жылылықты сезінеміз. Бұл күні бәріміз сіздерді қастерлеп, құрмет көрсетіп жатамыз, десек-те бұндай құрмет іздердің ерең еңбектеріңіз бен адамгершілік және даналық қасиеттеріңіздің қасында азғантай ғана үлесіміз болып  табылады. Аға буындар және бүгінгі ұрпақтарыңыз сіздердің теңдесі жоқ ерлік істеріңіз бен отансүйгіштіктеріңді мақтан етеміз. Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік жігер бүгінгі жастарға үлгі – өнеге болып табылады.Сіздердің көпшілігіңіз өз жастарыңызға қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеп көрсетіп, еңбек етіңіздер. Біз сіздге айтар алғысымыз шексіз!

26.11.2019

Шымкент қаласында орналасқан Жастар ресурстық орталығында «Университет аруы 2019» байқауы өтті Бұл байқауға қаламыздың жоғары оқу орындары мен колледж студенттері көрермен ретінде келді. Жоғары деңгейде өткен бұл іс-шараға қаламыздағы «Отырар» телеканалының жүргізушісі, Мисс Шымкент 2003 – Садыкова Надежда, «Мұра» ұлттық өнер орталығының директоры – Чингиз Изалиевич және де «Tumar Khansha» сән үйінің директоры Наурызбаева Сәуле

«Изабел Гарсия» әйелдер киімі дүкенінің басшысы – Елена, «Скай Моделс», фитнес клуб «Роял» ұжымдарының қатысуымен өтті.

14 қазан 2019ж

Шымкент университетінің студенттеріне арналған «Студентік арнау» кешіне қонақ ретінде  Қазақстанға белгілі топ, өнерлі жаста, талантты әншілер Райм Артур және Х фактор Қазақстан жобасының көптеген  халықаралық байқаулардың лауреаты Диана Хашимханова мен Махмуд Урумбаев студенттерге арнап өз  өнерлерін көрсетті. Бұл кеш жастарға жоғары көңіл-күй сыйлады

Шымкент Университетінде Абай Құанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шара өтті.Іс-шараның басты мақсаты, білім алушылардың  Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін,  үлгі ете отырып, білім,ғылымға  құмарлығын арттыру. Жәнеде болашақта өз  кәсіптеріне  қолдана білуге насихаттау болып табылады.

   Форумға университет ректоры, педагогика ғылымының докторы, профессор  Сейтқұлов Нұрлыбек Ақынұлы қатысты. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ Мемлекеттік университетінің «Мұхтартану» ғылымыи орталықтың аға ғылыми қызметкері ф,ғ,к., доцент Ақжол Қалшабек және Оңтүстік Медициналық Академиясының аға оқытушысы, Абайтанушы Төлентаев Мұрат Сарыбайұлына сөз беріліп,Абай Құнанбаев жайлы құнды деректермен бөлісті.

Image
Image

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Осыған орай, қазан айының 2-ші жұлдызы, «Ұстаздар күніне» орай Шымкент университетінің ректоры Педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Сейтқұлов Нұрлыбек Ақынұлы, университетіміздің ардақты ұстаздарына құттықтау сөз айтты.«Сіздерді Ұстаздар күні ме­рекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкіл­халықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұла­ма­лардың да ұстазы болған. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаз­дың әр адам жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үй­реткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. Ұстаздарымызға арнап басымызды исек те артық кетпегеніміз болар», дей келіп, – құттық­тау­да Ұстаз сөзінің қа­сиетті ұғымдардың қатарынан орын алуының өзінде үлкен мән жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, Шымкент университетінің ректоры Педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Сейтқұлов Нұрлыбек Ақынұлы,университет оқытушыларына, алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді

Image

ШЫМКЕНТТЕ "ЭКО-САНА" СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында «ЭКО-САНА» сенбілік акциясы өтті. 

Аталған акция барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева тазалық шарасына өз үлестерін қосып, қала тұрғындарын абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Сенбілік акциясына жастар мәслихатының депутаттары, қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 15 команда жасақталып, 150-ге жуық белсенді жас қатысты. Акцияның мақсаты – экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және айналаны қоқыстан тазарту, салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау. Жәнеде Шымкент университетінің 1-ші курс студенттері,осы акцияға белсене ат салысып, 106кг астам қоқыс жинап,үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Image
Image

Елбасының «АЛҒЫС ХАТЫ» табысталды

 

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында салтанатты шара

жалғасын тапты.Шара барысында «Nur Otan» партиясы Шымкент

қалалық филиалының төраға орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан Шымкент университетінің студенттерін Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапаттады.

Image

Қалалық мәслихат депутаты Жолдыхожаев Мұрат Жаңабайұлы студент жастармен кездесті.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты Жолдыхожаев Мұрат Жаңабайұлы Jasotan жастарымен кездесуіне,Шымкент университетінің студенттері қатысып,бір қатар көкей тесті мәселелерді қозғап,қоғамға байланысты түйіткілді сұрақтар қойды.Сонымен қатар,іс-шара барысында қаламыздағы спортты дамыту шеңберінде сөз қолғалды. Жәнеде бірқатар өзекті мәселелердің шешу жолдары қаралды.Jas Otan жастары қалалық мәслихат депутатына өз ұсыныстарын тастады.Кездесу соңында Мұрат Жаңабайұлы жастарды спортпен үнемі айналысып, еліміздің патриоты болуға шақырды.

Image
Image
Image