Студенттік өзін-өзі басқару

Студенттік өзін-өзі басқару - студенттердің оқуын, тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, студенттік бастамаларды қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өзіндік, қоғамдық қызметінің ерекші үлгісі.
 Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы  – бұл студенттердің әлеуметтік-маңызды бастамаларын іске асыратын, білім беру үдерісін басқаруға қатысуды жүзеге асыратын, студенттерге қатысты мәселелерді шешуге қатысатын тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші, өкілетті студенттік ұйым. 
Шымкент университеті студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мақсаттары: 
  1. Университеттің беделін арттыру; 
  2. Студенттердің оқуға байланысты мәселелерін шешуге жәрдемдесу; 
  3. Студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуына жәрдемдесу; 
  4. Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау; 
  5. Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту; 
  6. Студенттердің университет өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету; 
  7. Жастардың бойындағы ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту. 

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы өз жұмысын келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады: 
  1. ғылыми-зерттеу жұмыстары;
  2. мәдени-бұқаралық жұмыстар;
  3. салауатты өмір салтын насихаттау және спорт.