2019-2020 оқу жылындағы Ғылыми кеңес құрамы

Шымкент университетінің Ғылыми кеңесі сайланбалы өкілетті орган ретінде университетте жалпы басшылық атқарып, жоғары оқу орнын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, жоғары оқу орны Ғылыми кеңесі қызметінің типтік ережелерін (ҚР Білім және ғылым министрінің 22.11.07 жылғы № 574 бұйрығы) басшылыққа алады.

Ғылыми кеңестің мәжілістері тиісті оқу жылында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына кемінде бір рет өткізіледі.

Ғылыми кеңес қызметінің мақсаттары: университетті дамытудың басымдықтары мен принциптерін жасау, бітірушілерді сапалы дайындау үшін заңнамалық құрылым әзірлеу, материалды ресурстар мен жұмыскерлердің біліктілігін, ұжымның нәтижелі қызметін сақтау және ұлғайту.

Ғылыми  кеңестің  құзіретіне:

  • университет құрылымын бекіту;
  • университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • университеттің оқу және ғылыми бөлімшелерін (зертханалар, кафедралар, факультеттер (институттар) және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
  • университеттің даму тұжырымдамасын анықтау;
  • университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметінің барлық негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау;
  • оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызмет атқарудың барлық нысандары мен әдістері туралы жыл сайын ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімше басшыларының есебін тыңдау;
  • оқулықтарды, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік нұсқауларды қарастыру және баспаға ұсыну;
  • студенттерді ақылы бөлімнен ректор грантына және оқу ақысынан жеңілдік арқылы білім алуға ауыстыру туралы шешім қабылдау;
  • диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттардың тақырыбы және ғылыми жетекшілері – кеңесшілерін бекіту;
  • жоғары оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;
  • ғылыми және құрметті атақтарды, атаулы шәкіртақылар мен сыйақыларды бекіту мен беру;
  • университет қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкімет наградалары мен құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселені қарастыру;
  • алқалы шешімді қажет ететін университеттің ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін қарастыру кіреді.

 

Шымкент университетінің 2020-2021 оқу жылындағы

Ғылыми кеңес құрамы