ЖАДЫНАМА

Құрметті Шымкент университетінің студенттері мен магистранттары!!!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ведомствоаралық комиссияның шешімі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы негізінде бакалавриаттың және магистратураның барлық 1 курс білім алушылары үшін 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестріндегі оқу үрдісі аралас форматта өтетінін хабарлаймыз.

Бұл формат сабақтарды ішінара онлайн (дәріс сабақтары) және оффлайн (аудиторияда сабақ өткізудің дәстүрлі түрі: зертханалық, тәжірибелік және семинарлар) өткізуді көздейді.

1 курс студенттері өтініш негізінде қашықтан оқуды жалғастыруға құқылы.

Бакалавриаттың 2-3 курс және магистратураның 1 курс білім алушылары оқуын ОНЛАЙН форматта жалғастырады.

2020-2021 оқу жылының академиялық күнтізбесіне сәйкес екінші семестрде сабақтар төмендегі мерзімде  басталады:

Бакалавриаттың 1-3 курсы үшін-2021 жылғы 1 ақпан;

Бакалавриаттың 4-курс студенттері үшін университеттің Академиялық саясатына және Академиялық күнтізбесіне сәйкес (дипломалды және кәсіптік практиканы ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды өткізу) даярлау бағыттарына байланысты оқу аралас форматта ұйымдастырылады.

2 курс магистранттар үшін университеттің Академиялық саясатының және Академиялық күнтізбесінің негізінде магистранттар теориялық оқуын қашықтан және (қажет болған жағдайда) аралас оқыту форматтарында (модульдік жүйеде) жалғастырады және ҒЗЖ орындау, олардың жеке жоспарларына сәйкес қорытынды аттестаттаудан өтуі үшін жағдай жасау қамтамасыз етіледі.

2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде оқу кестесінің  ыңғайлы  форматы бар, яғни дәрістік (лекция) сабақтар дүйсенбі–сейсенбі, бейсенбі-жұма күндері өткізілетін болады.

2020-2021 оқу жылының екінші семестріндегі сабақ кестесі оқу басталғанға дейін 2 апта бұрын университет сайтында  www.univershu.kz  танысуға болады.  

Оқу процесіндегі барлық өзгерістер туралы қосымша хабарлайтын боламыз.

 

Шымкент университетінің әкімшілігі тарапынан  оқу корпустары мен ғимараттарда барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді:

* маска режимін қамтамасыз ету;

* әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету;

* кварцтау мен желдетудің тұрақты процедурасын жүргізу;

* ғимаратқа кіре берісте және күні бойы дене температурасын бақылауды қамтамасыз ету;

* медициналық және техникалық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

 

Шымкент қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде оқыту форматында өзгерістер болуы мүмкін.

Қосымша ақпаратты  Шымкент университетінің ресми аккаунттарынан, әлеуметтік желілерінен, университет сайтынан қарай аласыз!

Сізде сұрақтар туындаған жағдайда Студенттерге қызмет көрсету орталығының сенім телефоны 8-7252-55-58-61, электрондық пошта  shu2050@mail.ru арқылы хабарласа  аласыздар.

Профессор Ғылыми атағын алуына қолдау хаты
Сборник Аль-фараби, Абай и мировая цивилизация