Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор

Image

Джанабаев Даурен Жумагалиевич 

Шымкент Университеті, Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры

 

1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,Төлеби ауданында дүниеге келген.

1996-2007жж. аралығында  Төлеби ауданына қарасты  № 16  Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектепте тәлім алған.

2007-2011жж. аралығында  М.Әуезов  атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялануы»  мамандығы бойынша білім бакалавр дәрежесін алған. 2008-2011жж.аралығында М.Әуезов  атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасындағы «Әскери кафедрасын» тамамдап, лейтенант шенін алып шыққан.

2011-2013жж. аралығында Шымкент Университетінде «Информатика» мамандығының білім бакалаврін бітірген.

2013-2015жж. аралығында Шымкент Университетінде «Информатика» мамандығы бойынша білім магистры дәрежесін алған.

2011-2019жж. аралығында Шымкент Университеті,Гуманитарлы-Педагогикалық факультетінің декан орынбасары қызметін атқарған.

01.09.2019 жылы Оқу процесін ұйымдастыру және мониторинг департаментінің басшылығына келді. 20.01.2020 жылы «Әлеуметтік және тәрбие ісі» жөніндегі проректоры қызметіне  ауысты.

Халықаралық және республикалық практикалық конференциялардың мүшесі, 17-ден астам мақаланың авторы.

Қысқа педагогикалық қызметі үшін дипломдармен және медальдармен марапатталған.

2016 жылы ол Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтен «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін» алғыс хат алды.

Джанабаев Даурен Жумагалиевич  ұжымда және ғылыми қоғамдастықта үлкен беделге ие.