Университет тарихы

Университет тарихы

 

Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

Шымкент Университеті 2001  жылыдың  шілде айында құрылған.Осы айда университеттің алғашқы студенттері  қабылданып,12 студент оқуға кірісті.Шымкент Университетінің негізін қалаған,алғашқы құрылтайшы Пралиев Болат Серікұлы.Шымкент Университетінің оқу ғимараты 1965 жылы қаланған,ал 2009 жылы  күрделі жөндеуден өтіп студенттердің қолданысына берілді.

Ректорлар тізімі:

2001-2003 Турмамбеков Төребай

2003-2008 Әлімқұл Байбөлек.

2008-2013 Әбдімәлік Қалдыбаев

2013-2017 Шыңғысбаев Бақытжан

2017 жылдан бастап Сейткулов Нұрлыбек Ақынұлы

«Шымкент университеті» мекемесі 2001 жылы ұйымдастырылған. Университетте кәсіптік жоғары білім беру бағдарламасын іске асыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, университет жарғысын және министрліктің ережелер топтамасын басшылыққа алып жүргізеді.

Университет миссиясы – еңбек нарығында Қазақстанның оңтүстік аймағы үшін білімді, бәсекеге қабілетті және ұлтжанды тәрбиеленген мамандар даярлау мақсатында білім беру қызметінің сапасын үздіксіз арттыру.

Бүгінгі таңда университетте 24 бакалавриат, 7 магистратура  мамандықтары  бойынша білім беру қызметін жүргізеді. Бакалавриат мамандықтарының оқу мерзімі – 4 жыл. Ал қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін оқу мерзімі – 3 жыл, 2 жыл болып бекітілген. Магистратура мамандықтарының оқу мерзімі – 1 жыл, 2 жыл.

1) Бакалавриат мамандықтары:

  1. 5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  2. 5В010300-Педагогика және психология
  3. 5В010600-Музыкалық білім
  4. 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу
  5. 5В010800-Дене шынықтыру және спорт
  6. 5В010900-Математика
  7. 5В011100- Информатика
  8. 5В011200-Химия
  9. 5В011300-Биология
  10. 5В011400- Тарих
  11. 5В011600-География
  12. 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті
  13. 5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті
  14. 5В011900-Шет тілі: екі шет тілі
  15. 5В012000-Кәсіптік оқыту
  16. 5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі  мен әдебиеті
  17. 5В030100-Құқықтану
  18. 5В050100-Әлеуметтану
  19. 5В050600-Экономика
  20. 5В050800-Есеп және аудит
  21. 5В050900-Қаржы
  22. 5В060700-Биология
  23. 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  24. 5В080100-Агрономия

 

2) Магистратура мамандықтары:

  1. 6М010300-Педагогика және психология
  2. 6М010900-Математика
  3. 6М011300-Биология
  4. 6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті
  5. 6М050600-Экономика
  6. 6М050800-Есеп және аудит
  7. 6М060200- Информатика

2017-2018 оқу жылында 5058 білімгер студенттер контингентін құраса, магистратура бойынша -144 магистрант, бакалавриат бойынша - 4914 студент.

         Облыстық әкімнің және университет ректорының білім гранттары негізінде көптеген студенттер күндізгі оқыту нысанында білім алады.

Университетінімізде білімді, білікті профессор-оқытушылар құрамы жұмыс жасайды. Атап айтар болсақ, техника ғылымдарының докторы, профессор Ескендиров Шарип Заханович, биология ғылымдарының докторы, профессоры Исаева Ақмарал Өмірбекқызы, филология ғылымдарының докторы, доцент  Керимбаев Есенгелди ,  ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы  Кузембайулы Жарылқасын және т.б.  

Университеттің оқу ғимараттары типтік үлгіде салынған. Университетте сапалы білім беруге айырықша мән беріліп, соңғы үлгідегі заманауи техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған дәрісханалар, зертханалар, шеберханалар, интерактивті, мультимедиялық және лингофонды кабинеттер білім алушыларға  қызмет көрсетеді.  

Профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға қатысты барлық ақпараттар Шымкент университетінің  «univershu.kz»  вебсайтында  ала алады.

Ашық спорт алаңы, жабық спорт залы арнайы спорт инвентарларымен жабдықталған.

Студенттер мен қызметкерлерге медициналық қызмет көрсететін арнайы кабинеттер бар. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету үшін «Т.Орынбаев атындағы медициналық орталықпен»  келісімшарт жасалған.

Cтуденттер мен қызметкерлер тамақтану үшін асханалар мен буфеттер  жұмыс істейді.

Университеттің кітапхана қоры оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен толықтырылып отырады. Кітапхана қорында электрондық оқулықтар, магниттік тасымалдағыштардағы оқу-әдістемелік әдебиеттер кафедраларда СD дискілерде, компакт дискілерде сақталған. Облыстық, қалалық  кітапханалармен, сонымен қатар Республикалық электронды кітапханамен де келісімшарттар жасалған.

Білім беру ресуртары - кітапхана қоры мен электронды оқулықтармен және кафедрада дайындалатын оқу-әдістемелік кешендермен, интернет желісімен сипатталады. университетте электронды оқу залдары ұйымдастырылған. Білім алушылар аталған оқу залында Республикалық кітапхана қорындағы  барлық кітаптармен жұмыс жасай алады.

Университетте өндірістік және педагогикалық іс-тәжірибелерді өткізу үшін Оңтүстік Қазақстан облысындағы құқық қорғау органдарымен, салық комитеттерімен, банктермен, орта мектеп ұйымдарымен келісімшарттар жасалған. Келісімшарттар екі жақты келісім бойынша дайындалып, өзара ынтымақтастық шеңберінде жүргізіледі.

Университеттің даму стратегиясына және білім берудегі әлемдік интеграциялық нысандардың кеңеюіне сәйкес университет халықаралық ынтымақтастық шекарасын кеңейтіп, шетелдік ЖОО-мен халықаралық келісімшарттар, меморандумдар жасалған:

- Кардинал Стэфан Вышинский университеті (Польша, Варшава).- Жоғары менеджмент мектебі (Польша, Варшава).- Жоғары экономикалық мектеп (Польша, Белосток).- Аахен қолданбалы ғылымдар университеті (Германия),- Гедиз университеті (Түркия),- Expedition Inc компаниясының ғылыми-консалтингтік компаниясы (АҚШ),- Сочи сән, бизнес және құқық институты (Ресей),- И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Бішкек қ.),- Башқұртстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының білім беру мекемесі (Башқұрт Республикасы),- Академик Б.Гафуров атындағы Худжанд мемлекеттік университеті (Тәжікстан Республикасы).

Осы келісімшарт аясында лекциялар оқуға шетелден профессор-оқытушылар шақыртылады және конкурстар, көрмелер, шолулар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ғылыми-зерттеу жобалары жұмыс жасайды.

Университеттің басқа университеттермен халықаралық ынтымақтастық және бірлескен ғылыми қызметі бірлескен білім беру бағдарламаларын құрастыру үшін, соның ішінде академиялық ұтқырлық аясында студенттер мен магистранттарды даярлау үшін қолданылады.

Республикалық және шетелдік жоғары оқу орындарымен жасалған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша профессор-оқытушылармен және білім алушылармен  алмасулар жүргізілуде.