Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор
Image

Ажиметов Нуржан Нурмаханбетович

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Электрондық почта: azhimetovn@mail.ru

Телефон номері: 8701 711 6051

Н.Ажиметов 1957 жылы 25 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгер қаласында дүниеге келген. Алматы зооветеринарлық институтының (1979 ж.), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (1999 ж.) және Қайнар университеттерінің (1999 ж.) түлегі. Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының күндізгі аспирантурасының аспиранты (1982-1985 жж.). Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1988). Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (2009 ж.)

Еңбек жолын 1979 жылы қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтында аға зоотехник болып бастады. 1986-1992 жылдары Қазақ қой шаруашылығы ғылыми–зерттеу технологиялық институтында кіші ғылыми қызметкер, бас маман, ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы болып жұмыс істеді. 1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі басшысы аппаратының жетекші маманы, инспекторы. 1993-1995 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитет төрағасының орынбасары; 1995-1998 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жекешелендіру жөніндегі ҚР Мемлекеттік комитетінің төрағасы; 

1998-2006 жылдары – Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі Оңтүстік Қазақстан аумақтық комитеті төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы; 2006-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі; 2009-2012 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы. 2012-2021 жылдары «ҰАҒБО» КЕАҚ «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеген.

Осы бағыттар бойынша ол 60-тан астам мақала, 8 кітап, 3 атлас-альбом, 4 ұсыныс, 3 әдістемелік нұсқау және 2 монография жариялады.

Н.Н. Ажиметов 5 патент алды, Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік комитетіне 4 өтінім берілді, оның ішіндеөнертабысқа 3  патент, селекциялық жетістікке 1 патент. Н.Н. Ажиметов «ҰАҒБО» КЕАҚ салалық кеңесінің, ФАО халықаралық ұйымының, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бақылау кеңесінің мүшесі болып табылады.

Отандық аграрлық ғылымды дамытуға, агроөнеркәсіптік өндіріске ғылыми әзірлемелерді енгізуге қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен; «Астана 10 жыл» мерекелік медалімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның бірнеше рет Алғыс хаттарымен және грамоталарымен, 2016 жылғы 5 желтоқсандағы "ҚазАгроИнновация"АҚ-ның" ерен еңбегі үшін " медалімен марапатталған.