ШЫМКЕНТТЕ "ЭКО-САНА" СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ "ЭКО-САНА" СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ "ЭКО-САНА" СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында «ЭКО-САНА» сенбілік акциясы өтті. 

Аталған акция барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева тазалық шарасына өз үлестерін қосып, қала тұрғындарын абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Сенбілік акциясына жастар мәслихатының депутаттары, қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 15 команда жасақталып, 150-ге жуық белсенді жас қатысты. Акцияның мақсаты – экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және айналаны қоқыстан тазарту, салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау. Жәнеде Шымкент университетінің 1-ші курс студенттері,осы акцияға белсене ат салысып, 106кг астам қоқыс жинап,үздік үштіктің қатарынан көрінді.



Сондай-ақ, екі айға жалғасатын акция барысында көшпелі түрде өзен, көл жағалауларын тазалау, күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, қаланың кіреберіс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасындағы қоқыс қалдықтары шығарылады. 

Аталмыш акция барысында үздік ұйымдар мен жастар көшбасшылары арнайы номинациялармен марапатталып, жүлделі орындарға бағалы сыйлықтар табысталатын болады. 

Cенбілік акциясында барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынады.